• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 07 Қазан, 2019

Ұлытау Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу орталықтарының бірі болады

488 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында Алаша хан, Жошы хан кесенелерін, сондай-ақ Алтын шоқы тауында орналасқан Темірлан тас тақтасын аралады. Вице-премьер Президенттің Ұлытау ауданын дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау халық­аралық деңгейдегі этнографиялық туризм­нің ор­та­лығына айналуы тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында айтты.

– Туризмді дамыту үшін Мә­дениет және спорт министрлігі мемлекеттік бағдарлама әзір­леуде. Ол Алтын Ор­даның 750 жылдығын мерекелеуге ар­налған көптеген туристік іс-шара өткі­зуді көздейді. Қазіргі уақытта бас­ты міндет – арнайы туристік тұжы­рым­даманы әзірлеу. Бұл бағыттағы жұ­мыстар жөнінде Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтып өтті.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ аудан орталығындағы туристік сапар-орталық құрылысының барысымен танысты. Жоспар бойынша мұнда туристерге арналған 15 орындық қонақүй үлгісіндегі жатақхана, мұражай, 2 конференц-зал, асхана болады. Премьер-Министрдің орынбасарына сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени орындары бойынша туристік бағыттар, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары, бұрын өткізілген туристік іс-шаралар ұсынылды.

Бердібек Сапарбаев Ұлытау ауданының өлкетану мұражайының құрылысымен танысты. Жоба бойынша ғимарат 2 қабаттан тұрады, оның алаңы 830 шаршы метр. Қазір негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуда, қазандық орнату, ішкі және сыртқы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Вице-премьер мәдениет және спорт министрлігіне, облыс және аудан әкім­дігіне сапар орталығы мен мұражайдың жұмысын тиімді пайдалану және ұйым­дастыру, жергілікті тұрғындарды құры­лыс-монтаж жұмыстарына тарту жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ ау­дан­дық емханада болды. Келесі жылы оның жанында аудандық орталық ауру­ха­наның құрылысы басталады. Бүгінгі күні құрылыс үшін жер телімі бөлініп, қаражат қарастырылған. Ауданы 2000 шаршы метр болатын аурухананың 3 қабатты ғимаратының құрылысы келесі жылы бас­талып, 2021 жылы аяқталуы тиіс.

 

«Егемен-ақпарат»