Алты айлық сәби ішек өтімсіздігі шағымымен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жедел жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізілген науқаста ауырсыну мен нәжіске қан араласу белгілері байқалған.. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,, сәбиде құсудың әсерінен дегидратация дамып, ішек инвагинациясы пайда болған.
-Науқасқа ота 1 жарым сағат көлемінде лапароскопиялық әдіспен жасалынды. Бұл елімізде көп кездеспейтін операциялық әдістердің бірі. Бірақ, ота күрделілігіне қарамастан сәтті аяқталды. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бірқалыпты. Тыныс алу ырғағы қалпында, жиілігі минутына – 36. Аускультация кезінде жүрек соғу жылдамдығы да дұрыс. Пульс минутына – 132. Отадан кейінгі тігістер алынып, жара өңделді, - дейді хирургия бөлімшесінің дәрігері Аманжол Адрисов.
Бөбегін қиын жағдайда дәрігерлер қолына тапсырған анасы біліктіліктеріне риза болып, алғыс айтты.