• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2019

Еуразия интеграциялық институты Қостанайда семинар-тренинг өткізді

277 рет
көрсетілді

Қостанайда «Сындарлы сұхбат – қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг Еуразия интеграциялық институты мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған университеттер ғалымдары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір белсенділері мен саяси партиялар филиалдарының жетекшілері қатысты. Еуразиялық ингтеграция институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Сайыров және Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит Сыдықназаров Қазақстаның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бүгінгі күн мәселелері төңірегінде әңгімеледі.

«Президент Жолдауының алғашқы жолдарының бірінде «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл біздің ұстанатын басты қағидамыз» деп айтылады. Қоғамда өмір сүріп отырған адам саясаттан тыс тұра алмайды. Біз қазір жаңа қоғамдық-саяси кеңістікте өмір сүріп отырмыз. Әркім қоғамда өзін ескергенін, өзінің пікірін тыңдағанын дұрыс көреді. Қоғамда әркімнің даусы естілуі тиіс. Митингілер де соның көрінісі. Қоғамды саяси жаңғырту үшін Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі аясында митингі туралы жаңа заң жобасы дайындалу үстінде және жыл аяғына дейін бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар да енгізіледі», деді Ерлан Баяхметұлы.

Екі спикер де Президент жолдауындағы әрбір мәселеге түсінік берді.

«Туған жер» бағдарламасы өлкетанудың ғана ісі емес. Мұның ар жағында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелері тұр. Ол өңірлердегі ішкі туризмді дамытудың, инвестиция тартудың көрігіне айналуы тиіс, қала мен даланы бірдей дамытуымыз қажет. Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты орталық қалалар адам капиталын шаңсорғышса тартып ала бермеуі, шет елден оқу бітіріп келген талантты жас тар өңірде де қалуы тиіс. Егер инфрақұрылым болса, жағдай жасалса туған жерде қалып, оны неге түлетпеске? Осыған қол жеткізуіміз керек», деді Мұхит Сыдықназаров. Сонымен қатар Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогкалық университеті Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының профессоры Валерий Вишниченко, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықов ұлттық құндылықтар туралы ой қозғады.

Семинар-тренингте Нұр-Астанадан келген ғалымдар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Қостанай