• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 15 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

1068 рет
көрсетілді

Дөңгелектің іші

Сарысай ауылының сыртынан қара түтін бұрқ ете қалардың алдында Елеукен Серікбай құдасының үйіне жеткен.

Ауылдан көшкеніне бір жыл болыпты. Содан бері екінші рет келуі.

– Атам аудан орталығына кеткен, – деді Серікбайдың жас келіні.

– Қап, – деді Елеукен. Бірақ күткісі келмеді.

– Үйде бензин бар ма, шырағым?

– Бар.

Өзі дұрыс танымайтын адам көлікпен келген шығар деп ойлаған келіншек бес литрлік ыдысқа бензин құя бастады.

Аздан соң сол ыдысты көтерген Елеукен ауылдың сыртындағы «дөңгелекке» кетіп бара жатты. Көшпей тұрған кезінде құдасы екеуі атпен барып, сол жерде жүз грамм ішуші еді. К-700-дің дәу ескі дөңгелегі жатқан жерді өздері солай атайтын. Елеукен мас боп қалып, талай рет соның ішіне кіріп ұйықтаған да. Бойына шақ келуші еді.

Жерін, техникасын, малын сатып бөліп алғанда, бұған бір пәтер әперуге жарамаған балаларына налып, бірде ана ұлының, бірде мына қызының үйіне қонып жүріп өткізген кейінгі бір жылын айтып, соңғы рет шерін тарқата алмағанына сәл өкінгендей болды. Басқа ұстар ештеңе жоқ. Тезірек дөңгелекке жеткісі келді.

Арман Әлменбет