Өткен онжылдықта Түркі әлемі мемлекеттері ынтымақтастықтың пәрменді тетіктерін құру барысында үлкен жолдардан өтті. Бүгінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аймақтық және екіжақты серіктестікке ықпал ететін халықаралық алаңға айналды. Кеңес бастамалары тараптар арасындағы сенімді нығайтуға жағдай жасайды.
Әзербайжанда өткен Түркі кеңесінің VII саммиті түркітілдес мемлекеттердің интеграциялық әлеуетін толықтай іске асыру мәселелері сыртқы саясаттың күн тәртібінде өзекті болып қала беретінін көрсетті. Өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесі қызметінің басталуымен серіктестер арасындағы қарым-қатынастың аса мағыналы және сындарлы кезеңі басталғанын әділ атап өтті.
Сонымен қатар осы үлгідегі өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін саны Өзбекстанның қосылуы мен Венгрияның бақылаушы мәртебесін алуымен қоса алғанда, алтыға дейін жеткен қатысушы елдер тарапынан қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайларға бейімделуді талап етеді.
Біріншіден, реформалаудың ойластырылған стратегиясын құру жөнінде айта кету керек. Қырғызстанда өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде кездесуге қатысушылар оңтайландыру мен орталықтандыру мәселелеріне баса назар аудара отырып, Кеңес құрылымдарының жұмысын қайта құрылымдауға қызығушылық танытты. Дәл осы мақсатта Түркі ынтымақтастық ұйымдарын реформалау тұжырымдамасы құрастырылды.
Екіншіден, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту бағытын жандандыру қажеттілігі артуда. Осы жылы қатысушы елдер бірлескен Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын, сондай-ақ Түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру сияқты бірқатар маңызды жобаға бастамашылық етті. Аталған құрылымдардың басты мақсаты ретінде мүше мемлекеттерде инвестицияларды тарту және Түркі сауда үйлерін ашу үшін қолайлы жағдайлар жасау болуы тиіс.
Үшіншіден, Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастықтың кейінгі дамуы ұзақ мерзімді болашақтың стратегиялық көрінісінің бар болуын меңзейді. Бакуде өткен кездесуде Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы мәртебесіне ие болған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі көзқарасы – 2040» бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысы осы қажеттілікті көрсететіні сөзсіз анық.
Жалпы алғанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өзінің 10 жыл ішіндегі қызметі барысында қатысушы елдердің өзара қызығушылық тудыратын көптеген мәселелер бойынша ұстанымдарын жақындастыруға мүмкіндік берді деген қорытынды жасауға болады.
Лидия ПАРХОМЧИК,
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы