Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов ПД жеке құраммен, қала, аудан полиция басқарма, бөлім басшылығының қатысуымен 9 ай ішінде атқарылған жұмыстары бойынша жиналыс өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Қанат Даниярұлы облыстық маслихат депутаттарымен кездесу кеңесінде 9 ай ішінде атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Департамент басшысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы қызметі өткен жылдың қарашасында Үкіметпен бекітілген 2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасының 9 негізгі бөлімін, сондай-ақ 2019 жылғы 17 сәуірдегі – Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысындағы Ел Президентімен белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыруға арналғандығын атап өтті.
Профилактикалық алдын алу шараларының нәтижесінде 9 ай қорытындысымен жалпы тіркелген қылмыстар 2,3%-ға (3908-3817) төмендеді.
Тіркелген аса ауыр қылмыстар (11,1%), адам өлтіру (14,3%), тонау (38,4%), бұзақылық (32,8%), бөтеннің мүлкін ұрлау (8,9%), сондай-ақ, көше қылмыстары (17,1%) төмендеген.
Жалпы тіркелген қылмыстардың 39%-ы (3817-1477) ұрлық қылмысы.
Осы қылмыстарды болдырмау мақсатында біздермен кіреберістерге, аулаларға бейнебақылау камераларын орнату бойынша көп қабатты үй және коммерциялық нысан иелерімен кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Есепті мерзімде Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 600-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылып, нәтижесінде камералар орнатылған аудандарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ, осыған сәйкес пәтер ұрлығы да 16,8% – ға (416- 346) төмендеді.
Сонымен қатар, бейнебақылау камераларын қоғамдық көліктерге орнату мәселесі бойынша автобус иелерімен өткізілген кездесуден кейін, 93 автобусқа камералар орнатылып, нәтижесінде қалта ұрлығы 4 есеге қысқарды.
Мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ анықтау мен ашу мақсатында мал иелерімен ауыл-шаруашылығы жануарларын чиптеу немесе таңбалау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
9 айда 30 мыңға жуық мал басы немесе жылқы малының 45% чиптелді. Нәтижесінде мал ұрлығы 28,6%-ға (42-30) төмендеді.
Сондай-ақ осы бағыттардағы түсіндіру жұмыстары атыс қаруы иелерімен де жүргізіліп, 2018 жыл мен 2019 жылдың 9 айы ішінде ойық қарудың барлық иелері (947 адам) және 70%–дан астам тегіс ұңғылы қару иелері (4001 адам) дабыл сигнализациясына қосылды. Нәтижесінде жыл басынан бері облыс бойынша атыс қаруының ұрлығы тіркелген жоқ.
Еліміздің Президенті белгілеген тағы бір басым бағыт есірткі бизнесіне қарсы күрес, интернет арқылы, әсіресе жастар арасында есірткі таралуының жолын кесу болып табылады.
Осы тапсырманы жүзеге асыру аясында, интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдарын және олардың аналогтарын жарнамалаумен және сатумен айналысатын 72 сайт анықталып, бүгінде олардың қызметі тоқтатылды.
Маңғыстау облысы