• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Қараша, 2019

Нұрлан Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысады

358 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс Спикерінің бағдарламасында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, сондай-ақ, Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесу жоспарланған.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің, ҰҚШҰ ПА пленарлық отырыстарына қатыспақ.

ҰҚШҰ ПА қатысушы – парламентшілер күзгі сессия аясында ұжымдық бейбітсүйгіш күштерді қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, ұжымдық гуманитарлық көмек көрсету басқа да өзекті сұрақтар бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.