«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында, бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарын белгілі бір жердің ғана емес, бүкіл қаланың, тіпті бүкіл елдің тарихымен таныстыруға тамаша мүмкіндіктер береді. Өйткені, кез-келген астаналық тұрғынға: «Бұл көше неге осы адамның тегімен аталады?», «Қала аудандарында атаулар қандай қағида бойынша берілген?» немесе «Бұл көше не туралы, қандай тұлға туралы және кімнің тағдыры туралы айтуы мүмкін?» деген ойлайдарды тудырады.
Балалар мен олардың ата-аналарын зерттеу-іздестіру жұмыстарына қызықтырып, жұмылдыру арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізуге болады. Көшелерге аттары берілген батырлар туралы ақпарат өз ретімен тез-ақ таратылады.
25 қазанда Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Біздің қаламыздың көшелері» жобасы іске қосылды, онда № 14, 16, 27 мектеп оқушылары ұшырылым алаңын ашып, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жұмыстың басталғаны туралы презентацияларын, бейнероликтерін көрсетті. Оқушылар мен қонақтардың назарларына «Абай Құнанбаев», «Егемен Қазақстан», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов», «Кенсары Қасымов», «Бақтыораз Бейсекбаев», «Амангелді Иманов», «Жәнібек Тархан», «Ахмет Жұбанов» көшелерді ұсынды. Оқушылар мұражайларды аралап, мұрағаттармен танысты, деректі фильмдер көрді, кітапханаларды аралап, Интернет желілерінде «серуендеді», кейіпкерлер туралы көбірек ақпарат іздеу үшін, әйгілі музыканттардың музыка қорларын зерттеді және тыңдаушыларға ең жақсы туындыларды ұсынды.
Қала көшелеріндегі адамдармен өткізген диалог пен мониторинг барысында, көшеге есімдері берілген адамдар туралы сұраққа жауап беру оларға өте қиынға соғатыны байқалды. Тұрғындарға таныстыру мақсатында, 20 жыл бұрын есімі көшеге берілген, Ұлы Отан соғысының жас батыры Бақтыораз Бейсекбаев туралы түрлі-түсті баннер ілінді.
Зерттеу көрсеткендей, көпшілікке батырлардың «жанды» бейнесін жеткізу керек, яғни инновациялық технологияларды қолданған «сөйлейтін» баннерлер, «Өз көшеңді таны» атты ақпараттық науқандарды және «Mystreet» онлайн-шақыруы түріндегі жаңа әдістерді табу қажет.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы өз жауабында мектептердің бірігіп, ұмытылған есімдерді табуда жұмысты жалғастыруға шақырды. Әрі қарай ол, әр бала мен оның ата-анасы, мектеп көшелерді атау жобасына қатысып, қала тарихында өз іздерін қалдыруға болатындығын түсіндірді.
Оқушылар ұмытылған есімдерді іздеудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып, қаланың жаңа көшелеріне есімдерін беруге болатын азаматтарды анықтауға құлшына кірісуге даяр.