Қызылорда облысы Тасбөгет полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлықтарына қатысты күдік келтірген Қызылорда қаласының үш тұрғынын құрықтады.
Күдіктілер Қызылорда қаласының төңірегінде мал ұрлығын кәсіпке айналдырған. Өздерінің заңсыз әрекеттері арқылы олар 6 азаматқа жалпы сомасы 3 560 000 теңгенің залалын келтірген.
Барлық деректер бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылып, оларға қатысты соттың санкциясымен «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.