• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Қараша, 2019

Донор күнін ұйымдастырды

151 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің орта­лық аппаратында таяуда дәс­түр бойынша донор күні ұйым­дастырылды. Нұр-Сұлтан қа­ла­­сындағы Республикалық транс­фузиологиялық ғылыми-өн­дірістік орталығының маман­дарына 50 әскери қызметші өз ерік­терімен донорлық қан та­псырды.  Іс-шараға Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы мұрындық болды. Шекаршылардың бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтың денсаулығына үлес қосып, ауыр науқастардың сауы­ғып кетуіне «қарлығаштың қана­тымен су сепкендей» болса да қол­дан келген көмектерін көрсету болып отыр.