SLS аса ауыр зымыран тасығыштың бірінші сатысында соңғы, төртінші қозғалтқыш RS-25 орнатылған. Бұл туралы АҚШ-тың Аэроғарыш және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма басшысы Джим Брайденстайн Twitter-дегі парақшасында жазды.
«SLS зымыранының бірінші сатысының биіктігі 212 фут (65 метр), барлық жағынан төрт байланыстырушысы бар RS-25-пен қосылған. NASA «Аполлон» кемесіне арналған Saturn V тасығышын салған сәттен бастап бұл ең ірі қозғалтқышқа айналды» делінген хабарламада.
Тағы бір айта кетерлігі, «Orion» атты басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру 2024 жылға жоспарланып отыр.