Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Кезекті жарыс күнінде қазақстандықтар бірнеше медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, нысана көздеуден «ВП-11А» жаттығуы бойынша Александра Сәдуақасова күміс жүлдегер атанды. Ерлер арасында Бақтияр Ибраев күміс жүлдеге иелік етті.
Аталған жаттығу бойынша ерлер арасындағы командалық сында қазақстандықтан қола жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков және Фарук Назиркулов ел намысын қорғаған болатын.
«ВП-11А» жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы үштікке енді. Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова және Александра Сәдуақасовалар қола жүлдеге қол жеткізген.