• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қараша, 2019

Елордада халықаралық бизнес-форум өтті

274 рет
көрсетілді

Елордада Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының «Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: Қазақстан мен Литва мүмкіндіктері» атты Халықаралық бизнес-форумы өтті. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қазақстандағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис, Паневежис қаласының мэрі Ритис Рачкаускас, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев, Литва Республикасынан келген құрметті қонақтар, елордалық кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

«Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы алғаш рет Қазақстан мен Литваның іскер топтары арасында екіжақты форум өткізіп отыр. Қазіргі таңда біздің елдеріміз жылдан жылға дамып келе жатқан ортақ тарихпен және екіжақты ынтымақтастықпен нығайтылған тығыз достық байланыстарға ие. Қазақстан мен Литва арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жақсы базасы бар. Литва Қазақстанның ЕО елдеріндегі ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі жиырма ірі серіктестерге кіреді», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Бағдарлама бойынша Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы таныстырылды. Сонымен бірге, қаладағы бизне қаладағы бизнес-құрылымдар қауымдастықтары туралы ақпараттар мәлімделіп, әріптестік мақсатында өзара тәжірибе алмасты.