• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Қараша, 2019

Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды

192 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапары бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен, Премьер-Министр Никол Пашинянмен және Президент Армен Саркисянмен кездесулері бар.

Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.