• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қараша, 2019

Президент «Бижан» ет өңдеу зауыты» ЖШС-на барды

201 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы өндіріс ғимаратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты.

«Бижан» ЖШС – өңірдегі ет өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта шұжықтың 15 түрі, ет консервілері мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Кәсіпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мәлімет берді», делінген хабарламада.