Сәрсенбі, 2 мамыр 2012 8:04
Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы болып өткені белгілі. Осы форум қарсаңында біз Ассамблеядан Мәжіліске сайланған депутаттардың бірі – Надежда Нестероваға жолығып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.
– Надежда Дмитриевна, Ассамблеяның еліміз үшін рөлі қандай депойлайсыз?
Сәрсенбі, 2 мамыр 2012 8:04
Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы болып өткені белгілі. Осы форум қарсаңында біз Ассамблеядан Мәжіліске сайланған депутаттардың бірі – Надежда Нестероваға жолығып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.
– Надежда Дмитриевна, Ассамблеяның еліміз үшін рөлі қандай депойлайсыз?
– Тәуелсіз мемлекет құрудың алғашқы жылдарында көп ұлтты Қазақстанның алдында ел азаматтарының еркі мен құқын қамтамасыз етудің демократиялық тетіктерін дамыту міндеті тұрды. Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделі әлемде танылған «қазақстандық даму жолының» бөлінбес бір құрамдасына айналды. 1995 жыл ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі қаланды. Бұл қоғамдық институт елдің саяси жүйесінде түбегейлі реформалар жүріп жатқан кезде құрылды. Ал ҚХА бастамасымен жаңа Конституция жалпыхалықтық референдумда қабылданып, соның арқасында этносаралық қатынастар саласы демократиялық тұрпат алды. Сенім-нанымы мен қай этностық топқа жататынына азаматтардың аумақтық-саяси қауымдасуына қарамай, қоғамдық келісімнің негізгі қағидаттары сақтала отырып, барлық этностың теңдігі қамтамасыз етілді.
– Қазіргі таңда этностық топтар қазақтардың айналасына ұжымдасабастады деген пікірлер айтылып қалып жүр. Сіз осы пікірге қосыласызба?
– Мемлекетіміз ең алдымен ортақ тарихымыздың арқасында бірлікке қол жеткізді, тағдырдың тепкісін көрген көптеген адамдар киелі қазақ жеріне келгеннен кейін тек жергілікті тұрғындардың жылылығы мен қамқорлығын көріп қана қоймай, тіпті Отанын тапты. Осылайша бірлесіп еңбек етудің арқасында өтпелі кезеңнің қиындықтарына да мойымай, бүгінде әлем таныған елге айналдық. Әсем шаһар – Астана бой көтерді. Мұның барлығы тәуелсіз еліміздің мызғымас іргетасын тұрғызуға берік негіз қалады. Қазақ халқының менталитеті, жомарттығы, ашықтығы, қонақжайлылығы әртүрлі этностық топтардың жоғары деңгейде төзімділік танытуына себеп болды. Тарихи жады – қазақстандық этносаралық төзімділіктің темірқазығы, міне, осында жатыр.
Жалпы, мәдени интеграцияны анықтауда қазақ халқының көпғасырлық мәдениетінің діңгек болуы өте маңызды. Қазақтар ел тұрғындарының басым көпшілігін құрайды және өзінің байырғы жерінде өмір сүріп отыр. Көптеген сын-қатерлерден сүрінбей өткен байырғы халықтың достыққа адалдығының, сөзге беріктігінің нәтижесінде этносаралық тұрақтылық ел дамуының локомотивіне айналған.
– Еліміз үшін этносаралық келісім мен тұрақтылықтың маңызы зорекеніне күмән жоқ. ҚХА осы бағытта қандай жұмыстар атқарып жатырдей аласыз?
– Еліміздің мемлекеттік этноұлттық саясаты азаматтарымыздың мүддесі мен спецификалық қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін барлық керекті саяси-құқықтық жағдаймен қамтамасыз етеді. ҚХА инфрақұрылымдары нығайтылып, оның мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам жүйесіне интеграциялануы бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Ассамблея жанынан үш қоғамдық қор құрылған, көпфункциялы веб-портал дамытылуда, «Менің елім» мен «Достық-Дружба» журналдары жарық көруде және Ұлттық академиялық кітапханада Ассамблеяның этносаралық тақырыбына арналған ресми депозитарийі құрылып отыр. Ассамблея жанынан құрылған Ғылыми-сараптама кеңесі этносаралық қатынастар мәселесін шешу және талқылау үшін әмбебап алаңға айналған. Еліміздің көптеген өңірінде жоғары оқу орындары базасында ғылыми-сарапшылық топтары құрылған. Этносаралық қатынастар мәселесі жөніндегі белгілі журналист-сарапшылардың клубы да өмірге келді. Өңірлік деңгейде де осындай құрылымдар құрылса, олар этносаралық бірлікті нығайту саласында белсенді жұмыс атқарып келеді. Ассамблея еліміздегі тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудің халықаралық аспектілерін, сондай-ақ құқықты, құқық қорғаушылықты, білім мен тәрбиені және ақпаратты қамтыған министрліктермен және ведомстволармен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мұның барлығы Ассамблеяның халықтың тұтастығын қамтамасыз етудегі кең көлемдегі жұмысын айғақтаса керек.
– Сіз Парламент жұмысында ҚХА-дан сайланған Мәжіліс депутаттарыныңрөлі қандай дер едіңіз?
– 2007 жылғы конституциялық реформа ҚХА-ны конституциялық орган ретінде бекітті. Соның нәтижесінде қазақстандық этностарға парламенттік өкілеттілік берілді. Ассамблеядан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат Қазақстандағы барлық этностық топтар мүддесін көздеп қана қоймайды, толыққанды заң шығарушылық қызметпен де айналысады. ҚХА-дан сайланған депутаттық топтың құрамына еліміз төменгі палатасындағы үш партия өкілінің кіруі де ерекше атап көрсетерлік жәйт.
– Сіз бір сөзіңізде үнемі этномәдени бірлестіктерде болып тұрамын деп айтып қалдыңыз…
– Өзіміздің дағдылы жұмысымызда біз этномәдени бірлестіктер басшыларымен және белсенділерімен жиі кездесіп тұрамыз. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен белсенді жұмыс істейміз, өйткені, оның базасында этносаралық және дінаралық саланы зерттеу жөніндегі орталық құрылған.
Этносаралық келісім туралы көптеген ақпараттарды біз өңірлерде болған кездесулерден де аламыз. Жамбыл облысының Қордай ауданында депутат Ахмадиев пен Дұнған этномәдени бірлестіктері ассоциациясының өкілдерімен болған соңғы кездесуде саламатты өмір салты басты тақырыпқа айналды. Мәселен, Масанчи, Сортөбе және өзге де елді мекендерде темекі өнімдері мен спирттік ішімдіктер тіпті де сатылмайды. Мұнда маңдай тер мен жерге деген құрмет ерекше орын алады. Аға буын игі дағдының сақталуын қатаң қадағалайды.
Осы орайда біз әрбір этностық топтың өміріндегі жақсы тәрбиелік тұстарды кеңінен пайдалануымыз керек. Жалпы, кездесулерде этносаралық мәселелер көтерілмейді, керісінше, тұрғындарды көп жағдайда жалпымемлекеттік мәселелер, соның ішінде өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыру мәселелері толғандырады.
– Мемлекеттік тіл демекші, сіздің өзіңіз немесе балаларыңыз қазақ тілін меңгерген бе?
– Қазіргі таңда мемлекеттік тіл аясы күннен күнге кеңейіп келеді. Тілді үйренемін деген адамдарға барлық жағдай жасалған. Өзім, мысалы, көптеген оқыту-әдістемелік кітаптарды және басылымдар бетінде жарық көрген материалдар қиындысын жинап жүремін. Әсіресе, мені күнделікті өмірде қажеттілікке асатын мақал-мәтелдер мен саяси терминдер қызықтырады.
Балаларым туралы айтар болсам, көп жағдай ұстазға байланысты ғой. Мысалы, менің баламның өте қатал мұғалімі болды және үнемі былай дейтін: «Иә, мен қатал әрі талап қойғышпын, бірақ уақыты келгенде сендер маған рахметтеріңді айтасыңдар». Шынында да, жоо-да оқып жүрген кезінде менің балам топтағы тілді жақсы білетін студенттердің бірі болды. Қызым – лингвист, немеремді де мемлекеттік тілді білуге баулып жүрміз. Егер Қазақстанды өзімнің Отаным деп санасаң, өз болашағың мен балаларыңның келешегін ойласаң, онда тілді білу – саналы түрдегі қажеттілік.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.