• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтан қаласында «Елорда жастары 2019» жеңімпаздары марапатталды

232 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда жыл сайын өтетін  «Елорда жастары 2019» байқауының 15 номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бір ай ішінде 14-29 жас аралығындағы елордалық жастардан 1000-нан астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елбасының бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Біздің жастарымыз барлық салада елеулі жетістіктерге жетті. Мұның бәрі қажырлы еңбек пен білімнің арқасында. Нұр-Сұлтан қаласы – армандар орындалатын қала. Жастардың қаласы. Жастар елордамыздың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жастар үшін жағдай жасалуда, мысалы, Nazarbayev University, Astana IT Hub, Seedspace, Astana IT University ашылды. Келесі жылды Президент еріктілер жылы деп жариялады. Белсенділік танытуға шақырамын. Барлық номинанттар мен жеңімпаздарды құттықтаймын», деді А. Көлгінов.

Осылайша, «Ғылым» номинациясы бойынша Ерсаханов Қуаныш, «Заманауи шығармашылық және өнер» - Тоқтасынова Ақбота, «Журналистика» - Данияр Риза, «Қоғамдық қызмет» - Абдурашитов Асылбек «Спорт» - Мусаифов Мадияр, «Кино және театр» - Самат Әзімқұлов, «Эстрада» – Мирас Жүгінісов, «Әлеуметтік саланың үздік қызметкері» - Жүнісәлиевтар отбасы, «Өндірістің үздік қызметкері» - Отарова Сабина, «Жас кәсіпкер» - Бапанова Айгерим, «Жыл еріктісі» - Мурат Мирас, «Жыл студенті» - Орал Абдрауф, «Үздік мемлекеттік қызметші» - Ерманова Таңшолпан», «Үздік жастар театры» номинациясын «Шаңырақ» театры жеңіп алды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және атаулы кубоктармен марапатталды.