• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюде

219 рет
көрсетілді

Әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.