• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкентте жаңа нысандар пайдалануға берілді

386 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында жаңа бірнеше ойын алаңшалары ел игіліне тапсырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Шымкент қаласы күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта да сүйікті қаламыз одан әрі гүлдене бермек. Шымкент – мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы, «екінші ұстаз» атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абайдың 175 жылдығын атап өту жоспарымыз - солардың айғағы. Біздің негізгі мақсат – бюджетке жүк салмай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктер және жеке инвестициялар тарту арқылы қордаланған мәселелерімізді шешу. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған спорт алаңшалары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағы мен жастарымыздың шынығатын негізгі орнына айналатынына бек сенімдімін. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», деді Ерлан Қуанышұлы.

Айта кетейік, аталмыш нысандарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «STRONG SERVICE» ЖШС салды. Бұл компания 11 ашық спорт, 4 балалар ойын алаңшасын және 5 тренажер алаңшасының құрылысын аяқтады. Жалпы инвестиция көлемі 550,7 миллион теңгені құрады.

Ал жергілікті тұрғындар жаңа нысандарды ұқыпты ұстайтындарын жеткізді.