• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді

128 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркия авиакомпаниялары 11 қазақстандық әуежайда тұрақты ұшуларды орындай алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді құптайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Сондай - ақ салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Стамбул-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік авиакомпаниялардың бірі ретінде мүдделілігін растады, - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.