• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Желтоқсан, 2019

Үндістанда болған өртке байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

130 рет
көрсетілді

Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде болған өртке байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

- Нью-Дели қаласында орналасқан фабрикалардың бірінде болған өрт салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан достас үнді халқының орны толмас қайғысына ортақтасады. Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз, - делінген хабарламада.