• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Желтоқсан, 2019

Бүгін елордада қар тазалауға 1016 техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылды

219 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 9 желтоқсан күні қар тазалау жұмыстарына 1016 арнайы техника мен 1800 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, 8 желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні қар тазалау, шығару жұмыстарына 886 арнайы техника мен 193 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ал 8 желтоқсан күні қала сыртына 26 248 текше метр қар шығарылды. Қар түскелі бері барлығы 558 990 текше метр қар шығарылғанын атап өткен жөн.