• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2019

Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды

280 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының орталығындағы екі бөлмелі пәтерден шыққан өрт орны толмас шығын әкелді. Қызыл жалынның ортасында қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бірдей сәби көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі балалардың отпен ойнауынан болған.

Өртке оранған бөлмеде төсек түгел жанып кеткен, мебельдерге от тиген. Өрт бір сағатқа толмайтын уақытта сөндірілген, бірақ не пайда, балаларды тілсіз жаудан аман алып қалудың мүмкіндігі болмады.

Осы өрт сөндірілгеннен кейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарына балаларды үйде қараусыз қалдырмауға және кішкентай сәбилердің отпен ойнауына тиым салуды, күнде айтып, түсіндіріп отыруды ескертті.