Бүгін алматылық БАҚ өкілдері арнаулы ұйымдастырылған баспасөз сапарына шығып, ақылы тұрақтардың жұмысына куә болып, көкейлеріндегі сауалдарына «А-Паркинг» жобасының жетекшілері тарапынан жауап алды. Яғни, Алматыдағы «А-Паркинг» жобасының басшылығы журналистерге ақылы тұрақтан түсетін қаражатқа қатысты есеп берді.
Аяқталып келе жатқан жылдың қорытындысын «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Прінбеков жариялады. Баспасөз-турына қатысқан журналистер Алматы қаласында тротуарлық типтегі ақылы автотұрақтар (Сәтпаев көшесі, Назарбаев көшесі мен Достық даңғылы арасында) мен алаңдық типтегі («Нұрлы Тау» бизнес-орталығының жанындағы автотұрақ) аймақтарына барып, сондай-ақ Алматының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігінің деректерін өңдеу орталығының қалай жұмыс істеп жатқандығымен танысуға мүмкіндік алды.
Баспасөз-туры кезінде өткен жылы «А-Паркинг» компаниясы Қазақстанның ірі қаласының көлік жүйесін сауықтыру және тұрақ кеңістігін ұйымдастыру жөніндегі жалғастыратындығын мәлімдеді.
Соңғы жылы Алматыда 1012 тротуарлық үлгідегі жаңа тұрақ аймағы ашылды, қолданыстағы тротуарлық және алаңдық үлгідегі тұрақ кеңейтілді. «А-Паркинг» жүйесінде қазір 11 683 жаңа тұрақ орны пайда болған. Оның ішінде 6109 тротуарлық және 5574 алаңдық түрдегі тұрақ орындары бар. Автоәуесқойларға ыңғайлы болу үшін Kolesa, Senim серіктестерінің интернет-қосымшалары қосылған. Мысалы, Kolesa қосымшасында көлік тұрағы үшін посттөлем жасау мүмкіндігі пайда болды – бұл қандай да бір себеппен автокөлікті тұрақ орнына қою кезінде көлік тұрағын төлей алмайтындар үшін ыңғайлы тәсіл.
2019 жылы «А-Паркинг» биллинг жүйесінде 7 миллионнан астам көлік қою тіркелді. Компания автопаркі 2019 жылы «Дозор-М» фотофиксациясының аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған, автомобиль нөмірлерін танитын және көлік тұрағын төлеу немесе төлемеу туралы ақпаратты тіркейтін автомобильдер іске қосылды. Жыл қорытындысы бойынша тұрақ төлемінен жалтарған алматылықтарға жалпы сомасы 920 миллион теңгеден астам 143 мың айып ұйғарымы шығарылды.
Автотұрақ орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алаңдық типтегі барлық қалалық тұрақтарда бейнекамералар орнатылған, онда камераларды шолуды тұрақ аумағымен шектеуге болады. Мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің автокөліктеріне бөлінген орындарда тұрудың қиындығына байланысты күрделі аймақтарды жақсарту жүргізілуде. Мәселен, мұндай жұмыстарға жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қайта жаңарту кіреді.
2019 жылдың соңғы деректері бойынша, Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамытуға инвестиция көлемі 3,96 млрд теңгені құрайды. Ақылы автотұрақтар жүйесі жұмысқа кіріскелі бері мемлекеттік бюджетке 1,7 млрд теңге түсті, оның 561 млн – салық аударымдары, 267 млн – көлік тұрағы үшін төлемдер, 247 млн – мемлекетке міндетті төлемдер. Ал 622 млн теңге қала бюджетіне ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл түрінде түсті. Бұл қаражат Алматы қаласының көлік және жол желісінің жағдайын жақсартуға бағытталған.
Баспасөз-турының ресми бөлімі аяқталған соң журналистер «А-Паркинг» бірінші басшысына сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Журналист тарапынан қойылған алматылықтардың көлік тұрағы үшін төлейтін ақшаны қалай жұмсап жатқандығы, барлық түскен қаражат компанияның тек кірісіне түсетін-түспейтіні туралы сұрағы көп қызығушылық тудырды.
Марат Прінбеков түсіндіріп өткендей, бір сағат ішінде автокөлік иелері төлейтін әрбір 100 теңгенің 58 теңгесі көлік тұрағын материалдық-техникалық ұйымдастыруға байланысты шығындарға жұмсалады (оған жабдықты амортизациялау, IT-қызметтер, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу кіреді), 27 теңгесі мемлекетке салық және міндетті төлемдерге, 16 теңге – жалақыға, 10 теңгесі – әкімшілік шығындарды құрайды, 5 теңге – төлем қабылдау және инкассация жөніндегі комиссияға кетеді. Нәтижесінде бүгінгі күні тұрақ орнын пайдалану сағатына 100 теңге болса, компанияның шығыны 16 теңгені құрайды. Алайда, компанияның бизнес жобасы 10 жылға есептелген, салған инвестицияны қайтару жобаның алтыншы жылынан бастап көзделген.
Осылайша, қысқа мерзім ішінде еліміздің ірі қаласында ақылы автотұрақтардың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру жүзеге асты. «А-Паркинг» мамандары осы саладағы ең үздік шетелдік жобалардың тәжірибесін қабылдап, оны жергілікті жағдайды ескере отырып пысықтап, әртүрлі жағдайлардағы іс-әрекеттердің өзіндік алгоритмдерін әзірледі. Алдағы жылы біз қоғамдық және БАҚ өкілдері көрсеткен «А-Паркинг» сервисінің сапасын жақсарту және кемшіліктерді жою жөніндегі жұмысты жалғастырамыз, деді Марат Прінбеков.
Атап айтқанда, ақылы автотұрақ аймақтарында мүгедектерге арналған белгілер мен жол белгілерін салу бойынша ескертулер жойылады, мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін тұрақ орындарын қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ «А-Паркинг» өкілдері қалалық билік орындары автотұрақ кеңістігінің автоматтандырылған жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін шешімдер қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Електен өткізілген тарифті енгізу ережелерін пысықтау, көп деңгейлі паркингтерге жер учаскелерін бөлу, «А-Паркинг» тіркеу камераларынан нөмірлік белгілерді жасыратын заңсыз көлік қоюшылар мен жосықсыз жүргізушілермен күрес жүргізу қажеттігі көрініп отыр.