• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Басылым басшылары 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Бейiмбет МАЙЛИН (1922)

279 рет
көрсетілді

Б.Майлин қазiргi Қостанай облысының Таран ауданында туған. Бiр жасқа толмай жатып әкесiнен, алтыға шығарда шешесiнен айрылған. Жетiмдiк зардабын шегiп, байларға жалданады. Ауыл молдасынан оқып, сауатын ашады.

1911-1915 жылдары Троицк қаласындағы Уәзифа медресесiнде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Ғалия медресесiнде бiлiм алады. 1916-1919 жылдары мұғалiм болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. “Қазақ”, “Ауыл” газеттерi мен “Айқап”, “Садақ” журналдарына жазып тұрады.

Б.Майлин “Еңбекшiл қазаққа” “Еңбек туы” болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi, хатшысы да болған, редакторлыққа дейiн өскен. Бiрақ көп iстемеген. 1920-1922 жылдары газеттi жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейiн жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Майлин секiлдi жетiсегiз адам жетекшiлiк еткенi мәлiм. 1923-1925 жылдары қостанайдағы губерниялық “Ауыл” газетiн шығарады. Сонан кейiн қайтадан “Еңбекшiл қазаққа” ауысады, қазақстан АПП-ын ұйымдастыруға қатысады. 30-шы жылдары “Ауыл тiлi”, “Қазақ әдебиетi” басылымдарының бас редакторы болып iстейдi.

Б.Майлин – қазақ әдебиетiн өркендетуге елеулi үлес қосқан қаламгерлердiң бiрi. Барлық жанрда атсалысқан жазушы 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғынның құрбаны болып кете барды.