Баршамызға мәлім, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің осы кезге дейін жариялаған барлық жолдауларында еліміздің мәдениеті мен ақпараты саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Ертеден берік негізі қаланған бұл дәстүр Мемлекет басшысының былтырғы жылдың шілде айында қабылданған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында да өзінің орнықты орнын тапты. Астанада Индустрияландыру күніне арналып өткізілген телекөпір кезінде жария етілген бұл құнды құжатта аталмыш саланың жұмысын бұрынғыдан да жандандыра түсуге бағытталған көптеген тұжырымдар келтіріліп, нақтылы тапсырмалар берілді. Онда Қазақстан қоғамының тек бүгінгі көрінісі ғана сөз етіліп қоя салмай, республика тұрғындарының ақпараттық-мәдени тұрғыдағы келешектегі келбеті мейлінше кеңінен қарастырылды. Бұл өз кезегінде біздің этномәдени өміріміздің баянды бола түсуіне бастайтын жарқын жолдарға да бағдар жасап берді.

Еліміз өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына қадам басқан қазіргі кезеңінде әлемнің көптеген қуатты елдерімен тығыз интеграцияға түсіп, жаһандық экономиканың маңызды бөлшегі болып қалыптасу кезеңін бастан кешуде. Біздегі әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттың айдыны барынша айбындана түскен уақытпен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған бағдарламасында «жаңғырту үдерісінің, біріншіден, бүкіл қазақстандық социумды ақпараттық қоғам жағдайына бастауы тиіс» екенін, «екіншіден, Қазақстанда экономиканың, әлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас дамуының маңызды факторы бола алатындай ақпараттық-мәдени орта құру» қажеттігін атап көрсетті. Бұл әлемдік дамудың трендіне толық сәйкес келеді. Себебі, Елбасы айтқандай, соңғы жылдары біздің елімізде ақпараттық технологиялардың дамуы мен олардың өмірге енуі рекордтық қарқынмен жүзеге асырылуда. Мұны қазір коммуникациялық желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары секілді тұтас ақпарат кеңістігін цифрландыру үдерісінің барысынан да анық байқауға болады. Іс жүзінде республикада қоғамды жаппай компьютерлендіру дәуірі аяқталуға жақындап келеді. Бұл үшін интернетті пайдаланушылар санының өткен жылы ғана соның алдындағы сәйкес мерзімге қарағанда, екі еседен астам өсіп, жалпы санының 8,7 миллион адамды қамтитын мөлшерге жеткенін айтсақ та жетіп жатыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы бағдарламалық баяндамасында сонымен қатар, ақпараттық-мәдени фактордың барлық өскелең рөлін ескере келіп, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылғы дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы», «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасы сияқты маңызды құжаттарды әзірлейтін уақыттың келгенін де ашып айтты. Айналып келгенде, бұлардың барлығы Мемлекет басшысы жоғарыда атап өткен ақпараттық-мәдени ортаның құрылып, қалыптасуына қызмет етуге тиіс болды. Осы ретте Елбасы алға төрт тармақтан тұратын негізгі міндеттердің қойылатынын да баяндап өтті. Соның негізінде Үкімет пен Мәдениет және ақпарат министрлігіне алты нұсқаудан құралған нақтылы тапсырмалар берді. Бұл өз кезегінде маңызы айрықша зор тапсы