• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 07 Қаңтар, 2020

Алып адамдардың мекені

1804 рет
көрсетілді

Есте жоқ ескі замандардағы адамзаттың қандай болғаны бүгінгі адамдарды қызықтырады. Олардың болмысы, бітімі туралы да ой шексіз. Мәселен, діни әдебиеттерде Адам пайғамбардың бойының аспанмен таласқан аса биік болғаны, мың жыл өмір сүргені айтылады. Ал халық ауыз әдебиетінде де батырлардың алып болғаны суреттеледі.

Мифологиялық жазбалар­да да ежелгі адамдардың бо­йының бес метрге дейін бар­ғаны жөнінде мәліметтер бар. Көзбен көрмеген соң мұ­­ның бәрін аңызға баласақ та, бүгінгі таңда археологтер адамзат үшін әлі де бей­мә­лім көптеген жаңалық ашуда. Адам таңғаларлық жа­ңа­­лықтар ерте замандағы адам­­дардың қандай болғаны жө­нінде түрлі қорытынды жа­сауға жетелейді.

Жуырда Жуалы ауданының «Бурнооктябрьское» қала­шы­ғынан ежелгі адамның үлкен бассүйегі табылған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл адам біздің заманымызға дейін өмір сүрген. Алайда, оның нақты кезеңін бүгінде Украина мемлекетінің ға­лым­­дары арнайы зертханада анықтау үстінде екен. Атал­ған «Бурнооктябрьское» жай ғана көне қалашық емес, ежел­гі Баркуаб қаласы болуы да мүмкін деген болжам­дар бар. Тіпті, оның екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қа­ласынан да көне екені әрі шаһардан аса ұзақ емес екені айтылады. Жалпы, Баркуаб қаласы туралы мәліметтер араб деректерінде кездеседі. Бұл қала 1895 жылдан бері зерт­теліп келеді. Сонымен қатар әйгілі орыс ғалымы Василий Бартольд өз еңбектерінде Бар­куаб қаласы туралы кеңінен толғап, оның тарихи мекен екенін анықтаған.

«Бурнооктябрьское» қа­ла­шығынан табылған бұл бассүйек туралы да түрлі болжамдар бар. Археолог Ес­кендірбек Төребеков бассүйек бұрын Қаңғы көсемінің сарайы болған жерден табыл­ғанын айтады. Тарихи дерек­терге сүйенсек, кезінде мұн­да өмір сүрген халықтың дені егін шаруашылығымен ай­налысқан. Ал қазба жұмыс­тары кезінде мамандар бұл жерден 3500 артефактіні құм­ның арасынан аршып алған. Жергілікті биліктің жоспары бойынша аталған қалашықты болашақта туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр екен. Келешекте көне тарихи мекен еліміздің сакралды орындар картасына да енгізілуі мүмкін.

Негізінен Баркуаб қа­ла­­сындағы қазба жұмыс­та­рының жаңа кезеңі өткен жылы бас­талған болатын. Қаз­ба жұ­мыстары барысын­да бұл жерден тағы да адам­ның үлкен бассүйегі табылған еді. Тіпті, ғалымдар бұл бассүйекті атақ­ты Кир патшаның бас­сүйегі болуы да мүмкін деген болжам жасаған. Алайда, бас­сүйектің болмысы мен бітімі кейбір ғалымдардың басқаша тұжырым жасауына да ықпал еткен. Кезінде мұндай үлкен бассүйек ежелгі Мысыр ай­мағынан да табылған екен. Бүгінгі таңда бұл бассүйекті Қы­тай елінің ғалымдары зерт­теуде. Мұндай деректер­ге қарап, бүгінгі Жуалы аума­ғында ерте заманда алып адамдар өмір сүрген деген де байлам жасауға болады.

 

Жамбыл облысы