Қиын метеожағдайларға байланысты еліміздегі ахуал туралы Орталық коммуникациялар қызметінде жедел брифинг өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Спикердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ комитетінде және 6 өңірде жедел штабтар құрылды. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, Түркістан өңірлерінде дауылдан ескерту 13 рет жарияланған.
Ескертуге қарамастан сапарға шыққан тұрғындар жолда қалып қойған. Төтенше жағдайда 750 адам, оның ішінде 82 бала құтқарылды, 447 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды, 1 569 бірлік техника шығарылды, - деді министр орынбасары.
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына –224 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы – 367 хабарлама, «қауырт желі» телефонына 155 қоңырау келіп түсті.
Министрліктің мәліметінше, Ақмола облысы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы қар құрсауында қалған автокөліктерде 394 адам (оның ішінде 12 бала) құтқарылды, 68 адам (оның ішінде 8 бала) қауіпсіз жерге эвакуацияланды, 795 автокөлік тазартылған автожолдар учаскелеріне шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 301 адам, 166 бірлік техникасы ТЖК (73 қызметкер және 20 бірлік техника), ҰҰ (3 әскери қызметкер және 2 бірлік), ПД (35 қызметкер және 11 бірлік), «ҚазАвтоЖол « ҰК» АҚ (130 қызметкер және 99 бірлік техника), ЖАО (48 қызметкер және 28 бірлік техника) жұмылдырылды.
Ақмола облысында аса күрделі жағдай қалыптасты, онда республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында екі бағытта да көлік құралдарының көп санының жиналуына байланысты (жалпы 500-ден астам автокөлік), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп 26 қаңтарда сағат 15.00-де жиналған автокөлік құралдарының колонналарын екі бағытта да арнайы техника мен патрульдік автомашинаның сүйемелдеуімен өткізу туралы шешім қабылданды.
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолы 2020 жылғы 25.01. сағат 22.00-де жабылды. Ақтөбе облысы Қар құрсауында қалған автокөліктерден 26 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылды, 318 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, тазартылған автожолдар учаскелеріне 129 автокөлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 199 адам, 116 бірлік техника ТЖК (31 қызметкер, 11 бірлік техника), ПД (67 қызметкер және 34 бірлік техника), «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ (56 қызметкер және 51 бірлік техника), ЖАО (45 қызметкер және 20 бірлік техника) жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» (7-66 шақырымы, Ушановское а. – Серебрянск қ.) автожолының 1 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. «Өскемен-Риддер-гр.РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка с.-Риддер қ.) автожолының 1 учаскесінде тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк автокөлігі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Жолдарды тазалауға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 67 қызметкері мен 63 бірлік техникасы тартылды.
Батыс Қазақстан облысы «Самара-Шымкент» (394-526 шақырым, Жымпиты кенті –Ақтөбе обл.шекарасы) автожолының 1 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Жолдарды тазалауға "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ-ның 44 қызметкері мен 40 бірлік техникасы тартылды.
Қарағанды облысы Қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 196 адам (оның ішінде 55 бала) құтқарылды, 586 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды.
Павлодар облысы Қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 6 адам (оның ішінде 1 бала) құтқарылды, 31 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖК 49 адам, 44 бірлік техника (2 қызметкер және 1 бірлік техника), "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ (47 қызметкер және 43 бірлік техника) жұмылдырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы Қар құрсауында қалған автокөліктерден 39 адам (оның ішінде 4 бала) құтқарылды, 61 адам (оның 3-уі балалар) қауіпсіз жерге эвакуацияланды, тазартылған автожолдар учаскелеріне 19 автокөлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 63 адам, ТЖК 50 бірлік техникасы (8 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖП (6 қызметкер және 2 бірлік техника), «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ (47 қызметкер және 44 бірлік техника), ЖАО (2 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды.
2020 жылғы 27 қаңтарда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша келіп түскен ақпаратқа сәйкес Ақмола облысының автожолдарында 10 учаскеде 601 бірлік техника, Қарағанды облысында 53 бірлік техника қалып отыр. Авариялық-құтқару жұмыстарын және жол учаскелерін тазалау жұмыстарын жүргізу қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен күрделене түседі (боран, көрінудің шектеулі болуы)» делінген хабарламада.