• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2020

Ауғанстанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады - BBC

192 рет
көрсетілді

Ауғанстанның шығысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы BBC жергілікті ресми өкілдердің мәліметіне сүйене отырып хабарлады. 

 

Ұшақ Газни қаласының Дех Як ауданында, Кабулдан оңтүстік-батысқа қарай құлаған. 

Қолда бар мәліметке сәйкес, ұшақ техникалық себептерге байланысты құлап, өртке оранған.

Бастапқыда әуе кемесі Ariana Airlines әуекомпаниясына тиесілі делінген, алайда компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Құрбандар туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Ақпарат қосымша мәліметтердің түсуіне қарай жаңартылады.