• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Қаңтар, 2020

Сенаторлар ЕКПА-ның қысқы сессиясына қатысып жатыр

138 рет
көрсетілді

Сенаторлар Р.Әкімов, С.Еңсегенов және Е.Мұқаев 27-31 қаңтар аралығында Страсбургте өтіп жатқан Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысуда. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропа Кеңесінің парламентшілері сессия барысында демократиялық институттардың жұмыс барысын, сайлау жүйесінің стандарттарын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі, журналистердің қауіпсіздігі, діни сенім бостандығын қорғау мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Грузия мен Молдова Президенттері С.Зурабишвили мен И.Додон, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы М.Пейчинович-Бурич, Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің төрағасы - Грузияның Сыртқы істер министрі Д.Залкалиани Ассамблея депутаттарының алдында сөз сөйлейді.

Еуропа Кеңесінің депутаттары сессияның алғашқы күні Парламенттік Ассамблеясының төрағасын сайлады. Бельгия депутаты Хэндрик Даэмс төраға болды.