• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 27 Қаңтар, 2020

Анастасия Городко фристайл-могулдан Еуропа Кубогында жеңіске жетті

138 рет
көрсетілді

Францияның Фан-Роме өңірінде фристайл-могулдан Еуропа Кубогының екінші кезеңінде Анастасия Городко жеңімпаз атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші орынды швециялық Май Бьеркман, үштікті франциялық Камил Каброл түйіндеді. 

Ал жарыс жолына шыққан тағы бір қазақ спортшысы Олеся Граур 7-орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, Анастасия Городко Еуропа кубогының бірінші кезеңінде 3 алтын медаль алған еді.