• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2020

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

155 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

А.Есімов Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады. Қарыз жүктемесі  2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына азайған.

Сондай-ақ, Қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.