• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қаңтар, 2020

Руслан Дәленов: Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспары әзірленеді

185 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Барлығы 80-нен астам тапсырма берілді. Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажет. 3 заң актісі қабылданады. Олар жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң, Бюджет кодексіне өзгерістер және Денсаулық кодексі. Сондай-ақ Ақша-кредит саясаты стратегиясы, Сауда саясаты бағдарламасы және Су ресурстарын басқару сынды 3 бағдарламалық құжат бекітіледі», - деді Руслан Дәленов.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды және жедел пысықтау қажет.

«Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің басшылығыңызбен Үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады. Жұмыс тобы аясында 10 шағын топты айқындау маңызды. Бұл топтар Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын қамтиды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі»,- деді министр.