Ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
«Биылғы жылғы 1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы және хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту және ұлттық төлем жүйесін құру бойынша шаралар әзірленеді», - деді Руслан Дәленов.
Сондай-ақ министр мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленетінін айтты.
«Биылғы жылғы 1 мамырға дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен бірге, ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады», - деді Р.Дәленов.