• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қаңтар, 2020

Жапонияда автобус жүргізушісі коронавирус жұқтырған

263 рет
көрсетілді

Бүгін Жапония билігі Қытайдан тараған індетті жұқтырған тағы екі адамды анықтады. Бұл туралы Kyodo ақпарат агенттігі хабарлады.

Вирусты жұқтырған автобус жүргізушісі жақын арада Ухань қаласында не Қытайда болмағаны анықталған.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрі Кацунобу Катоның айтуынша, 60-тар шамасындағы жапон азаматы ай басында Ухань қаласынан қыдырып келген туристер отырған автобусты жүргізген екен. Жапонияның Нара аймағында тұратын науқас пневмония белгілерімен ауруханаға сенбі күні жеткізілген. 

Соңғы деректерге сәйкес, Жапонияда коронавирус жұқтырған 6 адам анықталған.

Сондай-ақ пневмония белгілерімен дәрігерлер көмегіне жүгінген екінші науқас - 40 жастағы ер адам Уханьнан Жапонияға 20 қаңтарда келген.

Министрдің айтуынша, соңғы анықталған екі адаммен байланыста болғандар да медициналық тексеруден өтіп жатыр.