Түркияның Маниса қаласында 28 қаңтар күні сағат 17:34-те 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Sabah газеті хабарлады.
Сондай-ақ зілзала Түркияның Ыстамбул, Измир және Чанаккале қалаларында сезілді. Жер сілкінісінің тереңдігі - 11,8 км. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.