• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Қаңтар, 2020

Стипендия тағайындалды

375 рет
көрсетілді

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласы бойынша 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясын тапсыру рәсімі өтті.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қы­рымбек Көшербаев стипендия ие­герлерін құттықтай отырып, осы шараның мәні мен маңыз­ды­лығына кеңінен тоқталды. «Ел­басының бұл бастамасы – мәде­ниет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген қайраткерлер мен дарынды жастар үшін үлкен қолдау. Мемлекет тарапынан көрсе­тіліп отырған осындай қам­қорлықты сезінген азаматтар қа­зақстандық мәдениеттің өркен­деуіне, қоғамымыздың рухани тұрғыдан дамуына алдағы уа­қыт­та да зор үлес қосатынына се­нім­дімін», деді Қырымбек Елеуұлы. 

Стипендия Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне берілді.

Тұңғыш Президент – Елба­сының стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерманов, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиеваларға және басқа да қазақ әдебиеті мен өне­рінің майталмандарына тапсырылды. Олардан бөлек, Канн ха­лықаралық фестивалінің лау­­реаты Самал Есләмова, актри­са Айнұр Рахипова, балет әр­ті­сі Бақтияр Адамжан, ақын Қанат Омаров, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манапов, кино режиссері Фар­хат Шәріпов және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет пен өнер қайрат­кер­лері, шығармашылық қызмет­керлері және жас дарындар­ға жасаған қолдауы мен қамқор­лығының айғағы, олардың Қазақ­­станның мәдениетін өркен­детіп, әлемге танытуға қосқан үлес­теріне көрсетілген құрмет.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы биыл өтетін екі бірдей ірі шара – ұлы ойшыл әл-Фара­бидің 1150 жылдық және әйгілі ақын-ағартушы Абай Құ­нан­баевтың 175 жылдық мерей­тойларын жоғары деңгейде өт­кі­зу қажеттігін де тілге тиек етті.

 

АЛМАТЫ