• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Жолдың сапасы қатаң бақылауда

773 рет
көрсетілді

Соңғы 10 жыл көлемінде еліміздің автомобиль жолдарының сапасын арттыруға көп көңіл бөлінуде.

Бұл тұрғыда Үкімет тарапынан стратегиялық жоспарлар іске асырылып, қыруар қаражат бөлінуде. Соған қарамастан жол пайдаланушылар тарапынан жол сапасына деген арыздары мен шағымдары ұлғаюда. Бұл мәселенің шешімін табу, сонымен қатар жол сапасына қатаң бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы №131 қаулысымен Облыстық Жол зертханасы РММ-ны қайта құру жолымен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК құрылды.

Ал мемлекеттік кәсіпорынның Шымкент қаласындағы филиалы мамандары шаһардағы жолдар мен көшелердің 19 нысанында 37 сараптама жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мердігерлік ұйымдардың нысанына 816 ескертулер мен бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде атқару құжаттары бойынша 263 ескерту (32 пайыз), құрылыс монтаждау жұмыстары бойынша 512 ескерту (63 пайыз), жол құрылыс материалдары бойынша 41 ескерту (5 пайыз) берілді.

Сондай-ақ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Шымкент филиалы қала көшелері мен жолдарының сапасына қолданылатын материалдар мен технологиялық процестің сақталуына ғана емес оське түтетін жүктеме нормасының сақталмауына да байланысты кемшіліктерді тапқан. Өкінішке орай, мердігер мекемелер жол-құрылыс жұмыстары кезінде оське түсетін жүктеме бойынша қолданыстағы нормативтерді сақтамайды. Әсіресе жазғы кезеңде. Мысалы, көліктік бақылау инспекциясының деректері бойынша Шымкент қаласының аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың 38 карьері тіркелген. Бұл карьерлерде Хово маркалы 1000-ға жуық карьерлік жүк көлігі күнделікті тасымалданады. Бұл өз кезегінде жолдардың тез бұзылуына алып келеді және жиі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте филиал мамандары мен Шымшаһардың жолдарынан ауыр салмақты жүктердің жүру жиілігін есепке алу жұмыстары жүргізілуде.

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының 2019 жылғы Шымкент қаласы бойынша автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына жүргізілген сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша мердігер және техникалық қадағалау мекемелеріне жол сапасын арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Шымкент