• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Ақпан, 2020

АҚШ «Тұрақты және өркендеген Орталық Азияны» құруды жоспарлап отыр

764 рет
көрсетілді

«Аймақтағы барлық бес елмен ынтымақтастық «Американың құндылықтарын ілгерілетуге көмектеседі». Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті  7 ақпан, бейсенбі күні жариялаған аймақтық стратегияда айтылған.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланған құжатта Орталық Азия әрдайым Еуропа мен Азия арасындағы өркениеттердің стратегиялық және коммерциялық түйіні болғандығы айтылған.

Америка Құрама Штаттарының осы аймақтағы басты стратегиялық мүддесі саяси және экономикалық мүдделерді, сондай-ақ өз мүдделері бойынша әр түрлі серіктестермен қауіпсіздік мүдделерін еркін орындай алатын неғұрлым тұрақты және өркендеген Орталық Азияны құруға бағытталған.

«Назарларыңызға ұсынып отырған құжат  әлемдік нарыққа, халықаралық инвестицияларға ашық және күшті демократиялық институттарға, заңдылық пен адам құқықтарын құрметтеуге байланысты. Тұрақты және қауіпсіз Орталық Азия Америка Құрама Штаттарына тікелей ықпал етеді», - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

«Америка Құрама Штаттарының Орталық Азияға сәтті қатысуы сонымен бірге өзіміздің ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізді алға жылжытады және біздің Отанымызды, азаматтарымыз бен мүдделерімізді шетелде қорғауға көмектеседі. Орталық Азиядағы  бес елмен тығыз қарым-қатынас және ынтымақтастық АҚШ құндылықтарын ілгерілетуге және аймақтағы көршілердің әсерін теңгеруге көмектеседі. Америка Құрама Штаттарында бизнес мүмкіндіктерін кеңейту аймақтың экономикалық өркендеуіне ықпал етеді, сонымен қатар Құрама Штаттардағы жұмыспен қамтуды және өнеркәсіпті қолдайды»   делінген жаңа стратегияда.

АҚШ «Орталық Азиямен  тығыз қарым-қатынас және ынтымақтастық АҚШ құндылықтарын ілгерілетуге және аймақтағы көршілердің әсерін теңгеруге көмектеседі» деп үміттенеді.   

«Америка Құрама Штаттарында бизнес мүмкіндіктерін кеңейту аймақтың экономикалық өркендеуіне ықпал етеді, сонымен қатар Құрама Штаттардағы жұмыспен қамтуды және өнеркәсіпті қолдайды», - делінген жаңа стратегияда.

Америка билігі бейбітшілік пен қауіпсіздікті, демократиялық реформалар мен экономикалық өсуді, сондай-ақ гуманитарлық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін 9 миллиард доллардан астам тікелей көмек көрсетті.

Сондай-ақ аймақтың дамуына несиелер және техникалық көмек түрінде шамамен 50 миллиард доллар бөлінді.