• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Ақпан, 2020

Өзбекстанда Махалла және Отбасы істері министрлігі құрылады

618 рет
көрсетілді

Podrobno.uz  басылымы  «Кеше Өзбекстан президенті өткізген махалла институтын жетілдіру туралы видеоконференция  кезінде жаңа министрдіктің құзіреті туралы жан жақты түсіндірді» деп хабарлады. 

Жаңа министрлік 40 мыңнан астам республикалық деңгейдегі махаллалар мен департаменттердің жұмысшыларын біріктіреді, олардың ортақ мақсат үшін біріккен және үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Қысқасы, жердегі мәселелерді шешудің біртұтас және тиімді тік жүйесі құрылады.

Басылым хабарлағандай, министрдің бірінші орынбасары отбасы, әйелдер және әлеуметтік-рухани орта мәселелеріне жауап береді. Тағы бір орынбасары  қарттарды әлеуметтік қолдау, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу мәселелерімен айналысады.

Отбасылық кәсіпкерлікті және шағын бизнесті, үй шаруашылығын және көгалдандыруды, экологиялық мәселелерді және жұмыспен қамтуды ынталандыру жөніндегі орынбасар лауазымы енгізіледі.

Жаңа құрылымда әйелдермен және көп балалы отбасылармен  жұмыс істеуге басымдық беріледі.

«Әйелдер комитеттерінің және махаллалардың қызметкерлері жаңа құрылымдағы қызметін жалғастырады, олардың мәртебесі, еңбекақы төлеу шарттары және материалдық ынталандыру айтарлықтай артады» дейді «Podrobno.uz»    басылымы.