Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы бүгін де өз жанкүйерлерін қуантты.
89 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Есенкелді Сәпи қоссайыстың қорытындысы бойынша 311 (134+177) килолық көрсеткішпен қола медальді иеленді. Қандасымыз тек Өзбекстанның қос өрені – Сарварбек Зафарджонов және Мұхамадқадыр Тоштемировтен ғана қалып қойды.
89 кило салмақта күш сынасқан Нұрғиса Әділетұлының табысы тіптен толағай болды. Өзінің басты қарсыласы – Оңтүстік Кореяның оғланы Енг Хуннан 36 кило салмақты артық еңсерген қазақтың жас перісі алтын тұғырдан қол бұлғады. Нұрисаның көрсеткіші – 360 (165+195) кило. Үшінші орынға Өзбекстанның өкілі – Хакимжон Шамшитдинов табан тіреді.