• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2020

Жамбыл облысында «Волонтер дәрігерлер қозғалысы» құрылды

216 рет
көрсетілді

Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған болатын. Президенттің қатысуымен өткен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» атты еріктілік қызметтің негізгі 6 басым бағыты белгіленген еді.

Бүгін Жамбыл облысында волонтерліктің «Саулық» бағыты бойынша медициналық волонтерлікті дамыту үшін «Таза жүрек» жобасы таныстырылды. Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» бас дәрігері Сейітхан Жошыбаевтың қолдауымен өңірде «Волонтер дәрігерлер қозғалысы» құрылды.

Аталған жобаның мақсаты – Тараз қаласындағы медициналық колледждің жоғары курс студенттерін жобаға қатыстыра отырып, облыс тұрғындары арасындағы жүрек ауруының алдын алу, нақты статистикалық мәлімет жасақтау, медициналық волонтерлікті қолдау және іске асыру болып табылады. Қозғалыс Жамбыл облысы тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларына қарсы күрестің 2020-2022 жылдарға арналған «Таза жүрек» бағдарламасын жүзеге асыратын болады.

Жамбыл облысы