Бұл күндері Катардың астанасы – Дохада стенд атудан өтіп жатқан «Qatar Open in Shutgan» халықаралық турнирінде Қазақстанның мергендері күміс медальді иеленді.
Айтулы жарыста Қазақстанның намысын мына спортшылар қорғауда:
Әйелдер – Сәрсенгүл Рысбекова, Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Анастасия Давыдова, Зоя Кравченко және Анастасия Молчанова.
Ерлер – Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский, Александр Федоров және Давид Почивалов.
Жарыстың алғашқы күні жастар арасындағы сайыста Эдуард Ещенко алтын медальді жеңіп алса, бүгін «скит» жаттығуында Анастасия Молчанова мен Александр Ещенко күміс жүлдені иеленді. Қазақстандық мергендер тек Францсика Кроветто (Чили) мен Николас Пачеко (Перу) жұбынан ғана қалып қойды. Ал әзірбайжандық Эмин мен Нұрлана Жафаровтар үшінші орынға табан тіреді.