• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Экология 25 Ақпан, 2020

Экологиялық қауіпсіздікке арналған жаңа технологиялар

5177 рет
көрсетілді

Техникалық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындарының бірі саналатын Қарашығанақта көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеудің озық, жиі жағдайда инновациялық технология­лары қолданылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында да жаңа заманауи құралдар енгізілген.

Биылғы ең маңызды әрі көп­тен күткен оқиғалардың бірі Қа­зақ­­стан Рес­публикасының жаңа Эко­логиялық ко­дексін жасау жұ­мыс­тарының аяқ­тал­уы. Ең озық қолжетімді технологиялар­ды (ОҚТ) енгізу қажеттілігі, сөз­сіз, аса маңызды жаңалық болмақ.

Шаруашылық қызметтің теріс ық­па­лын қоршаған орта сапа­сы­ның мақ­­сат­ты көр­сет­кіш­теріне дейін тө­мен­­де­ту­ге бағытталған тех­­ника­ның ең соң­ғы жетіс­тік­терін, ең жаңа құ­рал-жаб­дық­­­та­рын пайда­ла­ну, ұйым­дас­ты­р­у­шы­лық және бас­қа­ру­шы­лық шараларын қамтамасыз ету жос­парланып отыр. 2019 жыл табиғатқа ең аз ықпал ете оты­рып, қор­­шаған ортаны қорғаудағы ма­ңыз­ды көр­сеткіштерімен және жоғары өнді­ріс­­тік нәтижелерге қол жеткізумен есте қа­лып отыр.

«Қарашығанақ Петролиум Опе­рей­ти­нг Б.В.» компаниясы жа­уапты оператор бола тұрып, ең озық қол­же­тімді технологиялар­ды енгізу практикасын то­лы­ғы­мен қолдайды. ҚПО еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қор­шаған ортаны қорғау (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ) саясатында заң­нама нормалары мен талаптарын сақтау, табиғатты ластаудың алдын алу және профилактикасы, экологиялық көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту, озық практиканы ілгерілету және Қазақстанның тұрақты дам­уына қолдау көрсету жөніндегі мін­дет­темелері анық тұжырымдалған.

Қарашығанақта ең озық технологияларды қолданудың айқын мысалдарының бірі жоғарғы қысым астындағы қабатқа газ­ды кері айдаудың инновациялық жүйе­сі. УКПГ-2 жүйесі 550 бар­ға дейінгі қысым астындағы ши­кі газды (құ­рамында 4% кү­кірт сутегісі бар) өңдеу және кері ай­дау­ға және өндірілген мұ­най­ды Қарашығанақ қайта өңдеу ке­шеніне (ҚҚК) жіберуге арнал­ған. Бұл газды коллекторға қай­та­руға, оның жа­нып кетуін бол­дыр­мауға, сондай-ақ коллекторды тиімді басқаруға, онда­ғы қажетті қысымды ұстап тұруға, осылайша кен орны жұмысының экс­плуа­та­ция­лық мерзімін тиімді түрде ұзартуға мүм­кіндік береді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚПО газын кәдеге жарату көрсеткіші 99,9% құрады, сонымен бірге ілеспе газды өңдеуді да­мыту бағдарламасы аясында бақылаушы органдар бекіткен мақ­сатты көрсеткіш ретінде 99,7% же­те­­ді. Факелді газ жағудың жалпы көлемі 0,1 % деңгейінде неме­се өндірілген шикізаттың мың тон­насына 0,56 тоннадан келеді. Шығарындының мұндай динами­ка­сы мың тоннаға 10,5 тоннадан келетін орташа әлемдік және мың тон­наға 3,2 тоннадан келетін орташа еуропалық өнеркәсіп дең­­­гейімен салыстырғанда өте жо­ғары өндірістік көр­сет­кіш­тер­ді айғақтайды. Биыл ҚПО эко­ло­­гиялық менеджмент жүйесі эко­­ло­­гия­лық заңнаманың жаңа та­лап­­­тарына бейім­делуі керек.

ҚМГККО озық технология­лар­ды қол­данудың тағы бір се­нім­ді мысалы – терең­де жат­қан оқшауланған жер асты жиек­те­ріндегі өндірістік ағыс­тарды тол­­тыру. Өндірістік ағыс­тың құ­рамдас бөлі­гінің негізгі құ­рау­шысы көмірсутегі ши­кі­за­ты­­мен бірге өндірілетін жоғары ми­нералданған қабат сулары. Оны су бетінде тазарту тұзды қалдықтардың мол мөлшерінің пай­да болуы себебінен эко­ло­гия­лық талапқа сай келмей­ді. ҚМГККО аумағындағы өндірістік ағыс­­тар­ды кәдеге жаратуда оны жер астына көму үшін полигондар тұрғызылған. Онда әрі қарай ша­руашылық мақсатта пай­да­ла­­нуға жарамсыз аса жоғары ми­­не­­рал­данған ағын (тұзды) су­лар­­дың жерасты суларына қо­сылуын болдырмайтын қабат­та­ры оқшауланған жиектер бар. Өндірістік ағыстарды қабатқа толтыру жо­балардың мемлекеттік органдарымен келісу негізінде және Қазақстан заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі кезде жер астына кө­му жер бетін­де өндірістік су­дың жиналуының және оны су объек­тілеріне лықсытудың басты баламасы. Осылайша бұл техно­ло­гия әу баста табиғатты қорғауға б­а­ғыт­­тал­ғанымен ерекшеленеді. Өнер­­кә­сіп­тік ағыстарды жер қабат­тарына тиімді толтыру көп­жыл­дық әлем практикасымен раста­лып отыр.

Кен орнында пайда болатын шаруа­шы­лық-тұрмыстық ағын сулар үшін ҚПО жекеменшік тазарту имараттар кеше­нін пайдаланады. Тазартылған ша­руа­шылық-тұрмыстық ағын сулар арнайы тұрғызылған екі тоған-жи­нақ­та­ғышқа жиналады. Мұндай судың сапасы бұрғылау ерітінділерін дайындау, екпе ағаштарға құю, шаңды басу және құрал-жабдықты сумен сынау үшін оны қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша ҚПО су қоймалары мен жерасты суларын таза сақтау, су жинау көле­мін төмендету үшін тех­нологиялық про­цестерде суды қайта пайдалану жө­нін­дегі міндет­терді орындайды.

Жоғары экологиялық стан­дарт­­тар­дың қағидаларын ұстана отырып, ҚПО толы­ғы­мен Қа­зақ­­стан Республикасының «жа­­­­сыл экономикаға» ауысу жө­нін­дегі бастамасын қол­дай­ды. Сондықтан басты басым­дық­тар­дың қатарында өнді­ріс­тік объек­тілердің қоршаған ортаға әсерін ұдайы төмендету кезінде қауіп­сіз пайдалану болып қала бермек. 2020 жылы ҚПО жаңа технологияларды қолданудың мүм­кін­діктерін іздестіру және баға­лауды жалғастырмақ. Көп жағ­дайда, тәуелсіз үшінші тараппен кезекті энергетикалық аудит жүргізу жоспарланып отыр. Энер­ге­тикалық ре­сурс­тарды тұ­тынуды, ең жақсы әлем­дік прак­тикаларды енгізуді талдау көз­­делген, сондай-ақ энергия тиім­­ді­лігін әрі қарай арттыру және пар­ник газ­дарының шыға­рын­ды­ларын төмен­дету бо­йынша іс-шаралар тізбесі анық­та­ла­тын болады. Бұдан басқа, ҚПО бола­шақ жобаларды энергиямен, соның ішінде жаңғырмалы энергия көздері есе­бінен қамтамасыз ету­дің қосымша мүм­кіндіктерін жан-жақты зерттеуді жал­ғастыра бер­мек.

«Қарашығанақ Петролиум Опе­рей­ти­нг Б.В.» компаниясы қа­уіп­­сіз ортаға адам құқығын сақтау, қал­дықтарды бас­қару, шыға­­рын­­ды­лар­ды төмендету, су ре­сурстарын тиім­­ді пайдалану, энер­гия­­ны үнем­деу және биологиялық алуан түр­лі­лік­ті сақ­тауды қамтитын тұ­рақ­­ты да­му бойынша жыл сайынғы ес­еп­тер­ді алғаш­­қылардың бірі болып іс жүзіне ас­ыр­ғанын айта кеткен жөн. Кон­сор­циум Қарашығанақта жұмыс істе­ген уа­қытында таби­ғат­ты қорғау іс-шара­ла­­рын іске асы­руға 405 миллион доллар инвес­ти­ция салды.

Арман ҚҰСАЙЫНОВ

 

Соңғы жаңалықтар