• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Өскемен маңында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды (видео)

709 рет
көрсетілді

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орлан 2000» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша сапарды орындаған. Сағат 12.50 кезінде экипаж қозғалтқыштың штаттан тыс жағдай туралы баян етті. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан бір жарым шақырымда орналасқан ауданға мәжбүрлі түрде қону туралы шешім қабылдады. Бортта 5 адам – 3 экипаж мүшесі мен 2 қызметтік жолаушы болған. Бәрі аман», - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінен.

Әзірге ұшақтың құлау себебі белгісіз. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары аттанған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бір адамның емханаға жатқызылғанын хабарлады.