• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Жамбыл облысында ішімдік сатылмайтын ауыл бар

505 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ ауылы аудан орталығы Қаратау қаласының оңтүстік-батысында 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Бірлігі бекем, тірлігі тиянақты ауыл тұрғындары ауыл жастарын тәрбиелеуге ерекше мән береді. Ауыл болғанымен, бүгінде түрлі игіліктің ұйытқысына айналған. Қасқабұлақ ауылында мыңға тарта адам тұрады. Мұнда 1937 жылдан бері күрд диаспорасы топтасып тіршілік кешуде. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Қасқабұлақ ауылында соңғы жылдары бірде-бір қылмыс болмаған. Мал шаруашылығы арқылы кәсібін дамытып отырған тұрғындардың арасынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар тіркелмеген. Әсіресе, ауыл дүкендерінде ішімдіктің мүлдем сатылмайтындығы да ауыл тұрғыныдарының жақсылыққа бейім екенін көрсетеді.

Ауыл тұрғындары жастардың ішімдік ішіп жүргенше, бастамашыл әрі еңбекке бейім болғанын дұрыс көреді. Мұндағы әр отбасында шамамен 5-6 баладан бар десек, ауыл тұрғындарының дені жастар. 2018 жылы пайдалануға берілген орта мектепте бүгінде 135 оқушы білім алуда. Сондай-ақ жастар ауыл клубында жақсы істерге ұйытқы болып, үлкендерге қолғабыс жасайды.

 

Жамбыл облысы