Биыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. Осы мақсатта «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Волонтерлармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы волонтерларды анықтау, оларды волонтерлықтың «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының салтанатты ашылуында волонтерлардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады.
Жалпы арнайы оқытудан өтетін волонтерлар саны 300-ге жуық деп жоспарланып отыр. Олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы ретінде қызмет көрсетпек. Айта кетейік, еріктілерге арнайы үлгідегі киімдер таратылып олардың жол жүру ақысы мен тамақтануы қарастырылатын болады.
Шымкент