Талдықорғанда ТМД аумағында теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр. Күніне 750 адамға бірден қызмет көрсететін бассейн қаланың көрікті де көрнекті нысандарының бірі болмақ.
Облыс әкімі Амандық Баталов бүгін қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ішкі әрлеу жұмыстарының жобасын бірлесіп қайта жасау керектігін айтты. Сол сияқты арнайы инвентарьлармен, лед-экран, су асты камералары сияқты құрал-жабдықтармен қамту ісін егжей-тегжейлі ойластыру керектігін айтты.
Қазір бұл нысанда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Аймақ басшысы ғимараттың сыртқы келбетіне, маңайын абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Алматы облысы