• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2013

Қазақстандық студенттер Бостон ісіне байланысты кінәларын мойындап отырған жоқ

291 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 15-інде АҚШ-тың Бостон қаласында марафон жарысы кезінде орын алған жарылыстың жайын тексеруші құқық қорғау қызметкерлеріне кедергі келтірді, деген айып тағылып отырған қазақстандық қос студент бұрнағы күні жүргізілген бірінші сот мәжілісінде өз кінәларын мойындарына алған жоқ. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

АҚШ билігі айып тағып отырған Қазақстаннан барған екі студент – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев, тергеудің мәліметінше, Бостон терактісінің айғағы болып табылатын заттарды құртып жіберіп, осы арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыстарына кедергі келтірмек болған. Өткен жетіде алқабилер алқасы сот Қадырбаев пен Тәжаяқовты сот құқық қорғауға кедергі келтірді деген айыппен жазаға тарта алады, деген қаулы қабылдады. Тергеудің мәліметі бойынша, 19 жастағы екі жігіт Джохар Царнаевтың меншігіндегі пиротехникалық заттар салынған рюкзактан, сондай-ақ ноутбуктен құтылмақ болып, далаға лақтырып жіберген. Егер осы айыптары толық дәлелденер болса, оларға 20 жылға дейін құлып астында отыру жазасы кесілу қаупі төніп тұр.

Қазір Бостонда Азамат Тәжаяқовтың әкесі мен шешесі жүр.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар