• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2013

Жарыстар күнделігі

340 рет
көрсетілді

Ардагерлер үш алтын алды. Италияның Ту­рин қаласында ардагерлер арасында өткен алғаш­қы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзю­до­­­­­шылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Ардагерлер үш алтын алды. Италияның Ту­рин қаласында ардагерлер арасында өткен алғаш­қы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзю­до­­­­­шылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстан құрамасы жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар иеленді. Онда дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев чемпион атанды.

Ақан да алғашқы жүлдені әкелді. Бол­­­­гарияның София қаласында жасөспірімдер ара­­­­сында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуандары жарыстарын аяқтады.

Сәрсенбі күні грек-рим күресінің чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Біздің отандасымыз Ақан Баймағанбетов 55 кг. салмақта қола жүлдегер атанды.

Ақан Баймағанбетов 2010 жылы Син­га­пурде өткен жасөспірімдер арасындағы Олим­пиаданың да қола жүлдегері.

Бүгін Азия ойындары басталады. 16-26 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасында ІІ Азия ойындары өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан 139 спортшы қатысады.

Азиадада Қазақстаннан суға секіруден екі, жүзуден тоғыз спортшы күш сынасады. Ал жеңіл атлетикадан ел намысын он спортшы қорғайды. Бадминтоннан (4), семсерлесуден (6), гольф (2), дзюдо (6), ату (10), үстел теннисі (4), теннис (4), таэквондо (2) т.б. спорт түрлерінен де спортшыларымыз аттанды. Ауыр атлетикадан да он спортшы қатысады. Қол добы мен регбиден де жасөспірімдер құрамасы бақ сынасады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар